• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

“ЖАСТАР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ ҮШІН”

583 рет
көрсетілді

Көкшетауда осындай атаумен аумақтық форум өтті Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс­тің 65 жылдығын мерекелеу ая­сын­да “Достар” мәдениет са­рай­ында өткізілген форумға соғыс ар­дагерлері, студенттер мен жастар, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері­нің белсенділері, БАҚ өкілдері қа­тысты.  Форум Даңқ мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қою, со­ғыс ардагерлеріне ескерткіш сый­лықтар тапсыру құрметімен бас­талды. Ақмола облысы әкімінің орын­басары Асхат Қайнарбеков құт­тық­тау сөзін Елбасымыз Н.Назар­баевтың “Отанды сүю — өрке­ниеттіліктің бірінші  белгісі” деген өсиетімен бастады. “Бүгінгі фо­рум­ның негізгі мақсаты рухани-мәдени және тарихи құнды­лық­тарымызды одан әрі дамыту мен нығайтудағы  жастар мойнындағы салмақты тағы бір салмақтау, де­ген ол  қазақстандық патрио­тизм­ді, этностық қарым-қатынастар мәдениетін жандандыру, жаһан­дық процестер жағдайындағы ұр­пақтар жалғастығы, қымбат рәміз­де­ріміз бен тілімізді дамытуға құр­мет сезімін қалыптастыру жөнін­дегі мемлекеттік мәселелерге кеңі­нен тоқталды. Сондай-ақ, 213571 адамның басын құрап отырған ақмолалық жастар еліміздегі іргелі істерге ұйытқы болатындығы айтылды. Қазір өңір жастарының 58,2 пайызы ауылдық жерлерде тұратыны бұл пікірді нықтай түсетіні анық. Ресми бөлімде Қазақстан жас­тар Конгресінің атқарушы ди­рек­то­ры Н.Сыздықов, Ақмола об­лы­сы мұсылман әйелдері бірлес­ті­гінің төрайымы Р.Байкенова, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының мүшесі Т.Кондур,  “Жігер” жас мемлекет­тік қызметкерлер клубының мү­шесі Г.Саухымова, Бурабайдағы кадет корпусының курсанты Д.Ушаков, “Жасыл ел” студенттік отрядының жасақшысы А.Есеке­ева және басқалар өздерін тол­ған­дырып жүрген ойларын ортаға салды. Жалпы отырыстан кейін төрт тақырыптық бағыттағы пікір ал­масу ұйымдастырылып,  Қазақ­стан жастарына арналған Үндеу қабылданды. Форумға  қатысушылар  “Ме­нің Қазақстаным” атты концерттік бағдарламаны  тамашалады. Ақмола облысы.

“Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін” жалпыұлттық форумына қатысушылардың үндеуі

Жас қазақстандықтар!

Бүгінгі таңда елімізде жас­тар­дың өз қабілеттерін шың­дауға, шығармашылық әлеует­те­рін ашуға, қандай да бір ба­тыл бас­тамаларын жүзеге асы­руға барлық жағдай жасалған. Біздер, “Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін” жалпы­ұлт­тық форумына қатысу­шы­лар Мемлекет басшысының Қазақ­станды XXІ ғасырда одан әрі өркен­детуге және оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған идеяларын іске асыруға дайын екенімізді мә­лімдейміз. Алдымызда тарихи маңызы зор оқиға – ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы келе жатыр. Бұл ай­тулы бе­лес біздің ұрпаққа үл­кен жауап­кер­шіліктер жүк­тейді. Біз мемлекетіміздің интел­лек­­туал­дық элитасын қалып­тас­тыру үшін жаңа ғасырдың жаңа техно­логияларын игеруге ұмтылуымыз керек. Біз әлемнің озық елдерінің стан­дарттарына сәйкес жаңа білім­дерді игеріп, алған білімі­мізді Қа­зақстанның жедел индустриялық-инновациялық дамуы үшін пай­далануға тиіспіз. Біз мемлекеттік тілді одан әрі дамытуды, бай мәдени мұ­ра­мыз бен қазақ халқының және елімізде тұ­рып жатқан бар­лық этностардың салт-дәстүрлерін сақтауды жақ­таймыз. Біз еліміздің басты игі­лік­терін – этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті сақтап, қорғайтын боламыз. Біз жаңа идеяларды жүзеге асырып, әрдайым өміршең іс­тер­дің бастауында тұратын боламыз. Біздің жасампаздық еңбегі­міз, шығармашылық күш-қай­ра­тымыз бен болашаққа сеніміміз тәуелсіз Қазақстанның да­муына бағыт­та­латын болады! Еліміздің жастарын біздің бас­тамаларымызды қолдауға және олар­ды іске асыруға бел­сене ат­салысуға шақырамыз. Барлық күш-жігерімізді бірлі­гі­мізді сақтауға және ортақ Ота­нымыз – Қазақстан Республикасы­ның өркендеуіне жұмсайық! Бақберген АМАЛБЕК.