Қазақстан аумағының басым бөлігінде аязды ашық ауа райы қалпы сақталып қалады. Бұл туралы Ras. kz хабарлады.
Республиканың батысы мен солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасын тұрып, желдің екпіні күшейеді, тағы бір жерлерде тұман түседі. Қостанай облысында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұрқасын соғады, түнде және азанда кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында, түнде Жамбыл облысында 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында аздаған бұрқасынмен бірге секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.
Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарын тұман тұмшалайды. Астанада сейсенбі күні көшпелі бұл шығып, оңтүстік батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Қар жаумайды. Ауаның температурасы күндіз 16-18, түнде 24-26 градус болады. Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды, желдің екпіні 5 метр болады, сынап бағанасы күндіз 8-10, түнде 18-20 градустық суықтықты көрсетеді.
Садық Сапар.
Дереккөз: Ras. kz
Фото: Newskaz. ru