• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2014

Қарағандыда прокуратура қызметкері адам қағып өлтірді

260 рет
көрсетілді

Қарағанды облысы Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Қаныш Мамалинов көлігімен адам қағып өлтірді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұқар жырау даңғылымен жүріп келе жатқан прокуратура қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оны бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген. Бұл оқиға жаңа жылдың басында орын алды.

Қайтыс болған азамат Астанадағы ауруханада жатқан келіншегі мен бір жасар баласына бармақ болып, вокзалға бет алған екен. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Сараптама нәтижесі Қаныш Мамалиновтің ішімдік ішпегенін дәлелдеді. Орын алған оқиға абайсызда жасалған қылмыс болып есептеледі. Жалпы, бұған байланысты нақты тұжырымды тергеу амалдары аяқталған соң, айтамыз», - дейді Теміртау қаласының прокуроры Нұржан Сүгірәлиев.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «КТК» телеарнасы

Фото: Arnapress.kz.

Соңғы жаңалықтар