• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2021

Павлодар облысында араб вакцинасы таусылды

156 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов айтты, деп жазады Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде сөйлеген ол облыста екпе қабылдағандардың 450 мыңнан асқанын айтты. Өңір халқының 35 проценті препараттың 1-компонентін, 19 проценті – 2-компонентін қабылдады. Вакцинация қарқыны өскен. Қазіргі кезде күн сайын 3-6 мың адам егілуде.

- «Hayat-Vaх» бітті деуге болады, бірер дозалар қалмаса. Оның екі дозасын қосқанда небары 40 мың данасы ғана болды. Ол бір-ақ рет әкелінді. Қашан жеткізілетіні белгісіз, - дейді Айдар Ситқазинов. 

Айдар Ситқазиновтың айтуынша, қытайдың «CoronaVac» препаратымен де жағдай ұқсас. Оның тоғыз мың дозасы қалды. Сол себепті, екпе кабинеттерінде қазақстандық «QazVac» және ресейлік «Спутник V» ғана қалуы мүмкін. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері вакцинацияның адамның жеке таңдауы екендігін қайталап айтты.

- Екпе оңды-солды қойылмайды, дәрігерлер қарсы көрсетілімдерге міндетті түрде қарайды. №31 қаулыға сәйкес, 15 шілдеге дейін қызмет көрсету саласының өкілдері екпенің 1-компонентін қабылдауы тиіс. Одан кейін санэпидемиялық бақылау департаменті ұйымдарды тексере бастайды. Онда кейбір санкциялар салынуы мүмкін, - дейді Айдар Ситқазинов.