• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2021

Оралда ер адамды пойыз қағып кетті

636 рет
көрсетілді

Оралда пойыз ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәлім еткеніндей, бүгін түнгі сағат 01.56-да жедел жәрдемге қоңырау шалынып, Деркөл ауылында ер адамды пойыз қағып кеткені жөнінде хабар түскен.

«Оқиға орнынан орта жастағы ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Ол оқиға салдарынан екі аяғынан айырылды. Қазіргі кезде жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде», деді А.Сақпосынова.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға «Тауарлы Кардон» айналымында болған. Аталған дерек ҚР ҚК 344-бабы 1-бөлігі, яғни теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.