ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев басқа елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҰҚШҰ аясында әскери-техникалық ынтымақтастық жүзеге асырылуда. 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа сәйкес Ресей тарапы Қазақстанға әскери өнімдерді жеңілдік лъготаларымен жеткізеді», деді Тимур Дәндібаев ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, екіжақты форматта Қазақстан 40-тан астам елмен әскери-техникалық ынтымақтастық қатынастарын дамытуда.
«Қазіргі кезде Қорғаныс министрлігі шетелдік қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алуды әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізуде», деп қорытындылады спикер.