Денсаулық сақтау министрлігі 15 шілдеден кейін жұмыс беруші мен қызметкерлердің вакцинация мәртебесі қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, тексеруге ішкі істер органдарымен бірлесіп мониторингтік топтар тартылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік органдар ішкі істер органдарынан тиісті материалдарды алған кезде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 82-бабында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін жұмыс берушілерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық-профилактикалық шараларды жүргізу;
көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
санэпидбақылау органдарының лауазымды тұлғаларының актілерін орындау;
қызметкерлер арасында денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
«ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заңнама орындалмаған жағдайда және ҚР ӘҚБК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша халықтың санэпидемиалогиялық әл-ауқаты саласындағы лауазымды тұлғалар қаулысы мен нұсқамасы орындалмаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін. Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, жұмыс беруші, егер оның іс-әрекеті оның өмірі мен денсаулығына, оның ішінде басқа да қызметкерлерге ауыр зардаптар әкелуі мүмкін болса, қызметкерді шеттетуге міндетті», делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.