• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Шілде, 2021

Алматылықтар ауыз судың ластығына шағымданды

383 рет
көрсетілді

Алматыдағы Ақжар шағын ауданының тұрғындары арықтан ағатын лас ауыз суға шағымданды. Наурызбай ауданының әкімдігі қала тұрғындарының наразылығына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тұрғындары Ақжар кентіндегі ауыз су құбыры мәселесі бойынша наразылықтарын білдіруде. Олардың айтуы бойынша арықтан аққан су ішуге жарамсыз.

Наурызбай ауданының әкімдігі бұны жаңа су құбырларын өткізу қабілетінің аздығымен байланыстырады. 

«Наурызбай ауданының ЖПУ күшімен «Алматы су» МКК сумен жабдықтаудағы мәселелерді жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде. Су болмаған кезде тұрғындарға суды арнайы техникамен жеткізу ұйымдастырылатын болады. Суды жеткізуге өтінім беру үшін тұрғындар мына телефондар арқылы хабарласа алады: +7 (747) 795-95-96, +7 (701) 995-88-92», деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ тұрғындарды сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін шағын аудандарда да жұмыстар жүргізілуде. Ақжар «Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы» КММ тапсырысы бойынша инженерлік коммуникациялар (су құбыры және кәріз) құрылысы бойынша кешенді іс-шараларды, оның ішінде сүзгі станциясын қайта жаңарту мен жаңа инженерлік желілерді салу жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.