• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Шілде, 2021

Ресейде автобус аударылып, 13 адам зардап шекті

186 рет
көрсетілді

Сочиде жол апатынан автобус аударылып қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 13 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 13 адам жарақат алды, қаза тапқандар жоқ», деген жауапты министрлік автобустың  жол апатына ұшырағанын нақтылады. 

Бұған дейін жазатайым оқиғадан 12 адам зардап шеккені, оның ішінде үшеуі кәмелетке толмаған балалар екені айтылған болатын.