2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ауылдық жерлерде тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. 106 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылады», деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Асқар Маминнің атап өтуінше, жобалардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланып отыр.