Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық төлем жүйесін цифрландырудың қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Макроэкономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк биылғы бірінші жартыжылдықта ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Жұмыспен қамту-2021» жол картасын іске асыруға қосымша 200 млрд теңге бөлінді», деді Ерболат Досаев.