• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Шілде, 2021

Меморган қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 30 пайызға өсіп отырады

1945 рет
көрсетілді

Орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«82 мың мемлекеттік қызметшінің айлығы көтерілетін болады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін жалақы 1,9 есеге көтеріледі. 2020 жылдың 1 қаңтарына бастап орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жалақы 2024 жылға дейін жыл сайын 30 пайызға көтеріліп отырады», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының айтуынша, педагогтердің орташа жалақысы 253 мың теңгеге дейін, дәрігерлердің жалақысы 320 мың теңгеге дейін, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 180 мың теңгеге дейін, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 267мың теңгеге дейін артады.