• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Шілде, 2021

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы тағайындалды

730 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жаңа вице-министр – ауыл шаруашылығы министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев  ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Е. Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.