• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Шілде, 2021

287 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтығы табысталды

418 рет
көрсетілді

9 шілдеде Қарағандыда «Қайырымды істермарафоны» жалпыұлттық жобасы мен «Ел тірегі – Елбасы» республикалық акциясыаясында 287 аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтығы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атаулы әлеуметтік көмек алғандардың ішінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.

Акцияға AYALA қайырымдылық қоры мен «Халық» ҚҚ демеушілік етті.

Азық-түлік жиынтығы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында таратылып, волонтерлер мен белсенділеразық-түлікті мекенжайларға жеткізді. 

«Біз 287 жиынтық алдық. Оны мүмкіндігі шектеулі балалары бар және көпбалалы аз қамтылған отбасыларға әкімдікпен ұсынылған тізім бойынша таратамыз. Бүгін 50 жиынтық тараттық. Қалғанын келесі аптада үлестіріп береміз. Бұл істе бізге «Жас Отан» волонтерлері көмектесуде. Тұрғындар акцияның ұйымдастырушыларына және демеушілеріне алғысы мен ризашылығын білдіріп, пандемия кезінде бұл жақсы көмек болғанын айтып жатыр», - деді «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры Ләззат Қожахметова.

Шілде айында AYALA қайырымдылық қорынан азық-түлік жиынтығын аймақтағы қиын материалдық жағдайда қалған 1250 отбасыалады. Бұдан бұрын қайырымдылық қорымен көрсетілген көмек аясында Қарағанды облысында азық-түлік жиынтығымен аймақтағы 17 қала мен кенттегі 1000-ға жуық отбасы қамтылған болатын. Оның ішінде: Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Сәтпаев, Саран, Теміртау, Шахтинск, Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет және Ұлытау қалалары бар.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істермарафоны» жалпыұлттық жобасы ҚазақстанТәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуаясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен осы жылдың ақпан айында басталған болатын. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда. Жыл басынанбері марафонға 2,5 млн астам адам қатысты, атаулы көмек 167 мың адамға көрсетілді.