Қарағанды облысы, Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Қаныш Мамалинов көлігімен адам қағып өлтірді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі Қаныш Мамалинов көлігімен адам қағып өлтірді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Бұқар жырау даңғылымен жүріп келе жатқан прокуратура қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оны бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген. Қаза болған азамат Астанадағы ауруханада жатқан келіншегі мен бір жасар баласына бармақ болып, вокзалға бет алған екен. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. «Сараптама нәтижесі Қаныш Мамалиновтің ішімдік ішпегенін дәлелдеді. Орын алған оқиға абайсызда жасалған қылмыс болып есептеледі. Жалпы, бұған байланысты нақты тұжырымды тергеу амалдары аяқталған соң, айта аламыз», – дейді Теміртау қаласының прокуроры Нұржан Сүгірәлиев.
Бақытбек КЕНЕШҰЛЫ.