Атырауда жыл басынан бері 1 723 адам қоғамдық орында мас жүргені үшін жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мәселен, 9 шілдеде сағат 02:08 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы С.Датов көшесінде орналасқан балалар алаңында ер адамдардың ішімдік ішіп отырғаны туралы хабар түсті. Патрульдік полиция қызметкерлері сол жерде ішімдік ішкен 4 ер адамды медициналық куәландыру орталығына жеткізді. Сараптаманың қорытындысымен 24, 25, 26 жастағы жігіттердің орта дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алкогольдік ішімдік ішкендерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 1-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 7 292 теңге көлемінде айыппұлсалынды.