• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2021

Атырауда 113 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірде 1 ақпан-10 шілде  аралығында 113 798 адам вакциналардың I компонентін салдырған. Ал II компонентті алғандар саны 60 410 адамға жеткен.

«Кеше, 10 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax»вакциналарының I компонентін 2 556 атыраулық салдырды.Вакцина алғандардың арасында 124 педагог, 57 дәрігер, 56 студент, 23 мемлекеттік қызметші, арнайы мекемелердің 9 өкілі болған. Сондай-ақ, қауіпті вирусқа қарсы вакциналарды 1 полицей, құқық қорғау органдарының 1 қызметкері, 361 созылмалы ауруы бар 361 пациент пен жергілікті 1 924 тұрғын алды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар