• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2021

Атырауда коронавирус жұқтырған 4 науқас жасанды аппаратқа қосылған

327 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 46 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін өңірдегі 2 428 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарларда 771 пациент ем қабылдау үшін оқшауланды. Стационарлардағы жүктеме – 31,7%. Ал, 103 орындық жансақтау бөлімінде 46 пациент жатыр. Науқастардың төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 42%-ды құрайды", деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.