• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2014

Қаршадай қыздың қуанышты қадамы

400 рет
көрсетілді

Енді аз күннен кейін Ақ Олимпиаданың қызығын тамашалаймыз. Сочиде өтетін әлемдік сайысқа біздің сайыпқырандар да қатыспақ. Бақ шабарын не бап шабарын бір Алла біледі. Дегенмен, ұлттық құрамадағылар қоржынның бос қайтпайтынына сенімді. Кем дегенде, Денис Теннің өзі олжа салуы керек. Әрине, спортта болжам жасау қиын. Бірақ үміт бар.

Қысқы Олимпиаданың алдында Қызылордаға ақжолтай хабар жетті. Словакияның астанасы Братиславадан. Онда мәнерлеп сырғанаудан «Словакияның Жаңа жылдық кубогы» атты жарыс өткен-тін. 3-6 қаңтар аралығында болған сынға әлемнің 15 елінен спортшылар қатысқан. Солардың ішінен Элизабет Тұрсынбаева атты қызылордалық  қаршадай қыз жеңіспен оралды. Элизабет әдемі ойын-өрнегін көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Енді ол нау­рыз айында Болгарияда болатын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына және әлемдік Гран-при додасына қатысуды алдына мақсат етіп қойып отыр.

«Қысқы спорт түрлері қазақтың қолы емес», дейтін қасаң пікір бар еді. Міне, оның да шеті сөгіліп келеді. Өйткені, Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген бүлдіршіндердің спорт сек­цияларының есігін аттағаны кеше ғана. Нәтижесі білініп жатыр. Енді бірер жылда қысқы спорт түрлерінен әлемнің озық елдерімен тайталасып жатқан қазақ балаларын көретінімізге кәміл сенеміз.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

ҚЫЗЫЛОРДА.

Соңғы жаңалықтар