• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2021

Грузия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

305 рет
көрсетілді

Тбилисидің орталығында мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жүйе өлтіреді! Өмір үшін шық» атты ұранмен өткен акцияны белсенділер мен журналистер ұйымдастырған. Акция қатысушылары Гарибашвилидің үкіметі журналистерге қатысты зорлық-зомбылықты кешіргені үшін кінәлі деп отыр. Шеруге шыққандар ел үкіметі 12 шілдеге дейін отставкаға кетуін талап етті. 

Жергілікті тұрғындар оператор Лексо Лашкараваның өліміне байланысты орталыққа шықты. Оператор 5 шілдеде ЛГБТ өкілдеріне қарсы акция кезінде соққыға жығылған болатын. 

«Гарибашвили отставкаға кетуі керек және біз, БАҚ өкілдері таңертеңге дейін уақыт береміз», деді «Хроника+» газетінің редакторы Элисо Киладзе.

Митингіге саясаткерлер, азаматтық белсенділер мен қарапайым азаматтар да қосылды. 

Айта кетсек, Еуроодақтың Грузиядағы өкілі Карл Харцель марқұмның отбасына, достары мен әріптестеріне көңіл айтып, Еуроодақ бұл іске байланысты тергеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.