• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2014

Хоккей: «Барыс» сырт алаңда «Ак Барсты» ұтты

240 рет
көрсетілді

Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Татарстанның «Ак Барс» клубымен кездесіп,  сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Бұл матчта бірінші кезеңнің үшінші минуты жақындағанда өз қақпасына шайбаны жіберіп алғанымен, «Барыстың» хоккейшілері ойын соңына дейін барын салып, айдын иелеріне екі шайбаны соғып, Қазаннан маңызды деген үш ұпайды әкетті. Кездесуде «Барыстың» қақпашысы Ахонен тіптен жарады. Ол матч басталысымен алаң иелерінің талай рет қақпаға соққан шайбаларын қайтарып, «Ак Барсқа» есеп тееңстірудің өзіне ешқандай мүмкіндік бермеді. Ал ойында біздің командадан Тим Стэплтон есепті теңестірсе, одан кейін Николай Андропов екінші шайданың авторы атанды. «Ак Барстан» жалғыз шайбаны Михаил Рахманов соқты.

Осы жеңістен кейін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының «Шығыс» дивизионында бірінші орында тұрған «Ак Барсқа» бір ұпайға жақындады. Қазір Татарстанның командасы 43 ойыннан кейін 86 ұпай жинап, турнир кестесінің көш басында тұрса, «Барыс» 44 кездесуде 85 ұпай иеленіп,  екінші орынға шықты. Одан кейін біздің команданың өкшесін Магнитогорскінің «Металлургы» басып келеді. Олар 42 ойыннан кейін 84 ұпай жианп отыр.

Енді «Барыс» келесі матчын тағы да сырт алаңда өткізеді. Бұл жолы отандастарымыз 9 қаңтар күні Нижний Новгород қаласында жергілікті «Торпедо» командасымен кездеседі.

 

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.khl.ru

Соңғы жаңалықтар