• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2014

АҚШ Оңтүстік Корея аумағына қосымша әскер кіргізеді

296 рет
көрсетілді

АҚШ Оңтүстік Корея  аумағына қосымша әскер кіргізетіні жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Пентагонның ақпары бойынша, олар Оңтүстік Кореяға 800 әскери қызметкерді, сондай-ақ әскери техникалар кіргізеді. Пентагон бұл шараларды ақпан айында жүзеге асыруды жоспарлап отыр екен. АҚШ әскері КХДР-мен шекаралас аудандарға орналастырылады. Олардың Оңтүстік Кореядағы қызметі тоғыз айға созылмақ.

1 қаңтарда КХДР басшысы Ким Чен Ын дүниежүзілік соғыс пен ядролық қауіп туу мүмкіндігі жөнінде мәлімдеп, бұл қауіптің АҚШ-қа төнетінін айтып өткен. Сондай-ақ ол 25 желтоқсанда КХДР армиясын барынша жоғары дайындық сапына келуге шақырды.  

АҚШ Солтүстік Корея тарапынан кез-келген арандатушылық әрекеттерге дайын болу керек деп есептейді. Олар сондай-ақ Пхеньянның ядролық және зымырандық бағдарламаларын дамытуына алаңдаушылық білдіруде.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея аумағында АҚШ-тың 28500 әскери қызметкері бар. Олар үнемі Оңтүстік Кореямен бірігіп, оқу жаттығуларын жүргізіп тұрады.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Lenta.ru

Фото: Reuters.com

Соңғы жаңалықтар