• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2014

Біздің туристер лайнерде тұрады

292 рет
көрсетілді

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев Ресейдің Сочи қаласында өтетін Қысқы Олимпия ойындарында ресейлік өкімет қабылдаған қауіпсіздік шараларын қазақстандық туристердің қатаң сақтауына және біздің азаматтарымызды сақтандыруға байланысты жиын өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет төрағасы биылғы Олимпиадаға жоспар бойынша елімізден 400-ге жуық жанкүйерлердің баратынын айтты. «Онда олар «Nordwegian Jade» атты бесжұлдызды круиздік лайнерде тұратын болады. 2376 жолаушыға арналған, 1190 каютасы бар кеме 2006 жылы алғаш рет Германияда суға түсірілген.  Лайнерде мейрамхана, хауыз, тікелей эфир студиясы сияқты көңіл көтеру орындары қарастырылған», деді ол. Сонымен бірге ол қазақстандық делегацияның тұратын жерін таңдау барысында қауіпсіздікке баса назар аударылғанын,  лайнер қосымша қорғалатын және негізгі ойындар өтетін жерлерге жақын жерде болатынын атап өтті.

Толығырақ ақпаратты компанияның www.complete.kz сайтынан алуға болады.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.mint.gov.kz

Соңғы жаңалықтар