• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2021

АҚШ әскерінің қолбасшысы отставкаға кетуі мүмкін

217 рет
көрсетілді

Остин Скотт Миллер 2018 жылдың тамыз айынан бастап америкалық миссияны орындап келген, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Остин Скотт Миллер дүйсенбі күні қызметінен кетеді, деп хабарлайды NBC телеарнасы АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

Хабарламада Миллер Ауғанстандағы АҚШ күштерін өзінен бұрынғыларға қарағанда ұзақ уақыт басқарғаны аталған. Қорғаныс саласының үш бірдей шенеунігінің сөзінше, ол қызметін аяқтаған соң отставкаға кетуі мүмкін.  

Бұған дейін Пентагонның өкілі Джон Кирби Ауғанстандағы әскери контингент АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Кеннет Маккензидің бақылауына өтіп жатыр, өкілеттіктерді беру процесі бірнеше аптаға созылады деп мәлімдеген. 

Түсінікті болуы үшін айта кетейік, АҚШ президенті Джо Байден 14 сәуірде Америка тарихындағы ең ұзақ шетелдегі әскери науқанға айналған Ауғанстандағы операцияны тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.