• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2014

Қазақ қызы жеңімпаз атанды

280 рет
көрсетілді

Жақында Словакияның Братислава қаласында  мәнерлеп сырғанаудан өткен «Словакияның жаңа жылдық кубогы» атты халықаралық турнирде Элизавета Тұрсынбаева деген ең жас мәнерлеп сырғанаушы қызымыз жеңімпаз атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

15 елдің мәнерлеп сырғанаушылары қатысып, бас жүлде үшін барын салып өнер көрсеткен турнирде отандасымыз әділ-қазылар алқасының ең жоғары балдарына ие болды. Сөйтіп,14 елдің өкілдерінен гөрі мұз айдынында тамаша сырғанап, көрермендердің көзайымы болып та үлгерген қызымыз турнирдің жеңімпазы атағын иеленді. Элизабет Канаданың Торонто қаласында белгілі жаттықтырушы Брайан Орсердің қарамағында жаттығады. Ал негізі ол Қызылорда облысының тумасы екен. Енді Элизабет наурыз айында Болгарияда жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионаты мен Әлемдік Гран-при жарысына қатысатын болады. Қазір ол соған дайындықты бастап кетті.

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: www.kazsports.kz

Соңғы жаңалықтар