• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2014

Қарағандыда сүйіктісімен ренжіскен жігіт өзін өртеді

303 рет
көрсетілді

Қарағандыда сөз байласып жүрген қызымен ренжісіп қалған жігіт өзін өзі өртеп, өлім құшқан. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

Көргендердің айтуларынша, жігіт «Қарағанды» мейманханасының жанында орналасқан дүңгіршекте жұмыс істейтін қызына келеді. Соның алдында немесе дәл сол сәтте олардың арасында не болғаны, нендей сөздер қозғалғаны белгісіз, ер кісі сәлден кейін үстіне бензин құйып, күкіртке кезек береді. Бірден лап ете түскен от әпсәтте оның денесін түгел шарпып ала жөнелген. Жігіт сол бойда бірден өліп кеткен.

Өрт сөндірушілер соңынан келіп, өрттің зардаптарын жоюға кірісті.

Хамит Мұстафа.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар