Иракта Дхи-Кар провинциясындағы Насирия қаласында коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған ауруханада болған өрттен кем дегенде 30 адам қаза тапты, 70-сін құтқарудың сәті түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Имам Хуссейн ауруханасында өрттің шығуына оттегі баллонының жарылуы себеп болған.
Бұл Иракта коронавирус жұқтырған науқастарға арналған медициналық мекемеде орын алған болған алғашқы оқиға емес. 24 сәуірде Бағдадтағы Ибн әл-Хатиб ауруханасындағы өрттің салдарынан 82 адам қаза тауып, кем дегенде 110 адам жарақат алған еді.