• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Шілде, 2021

Мария Агапованың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

180 рет
көрсетілді

UFC-де бақ сынап жүрген Қазақстанның 23 жастағы спортшысы Мария Агапова (9-2) 10 қазанда октогонға оралады, деп хабарлады Egemen.kz.

9 қазан күні ол UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне шығады. Қазақстандық арудың қарсыласы - колумбиялық Сабина Мазо.

Сабинаның жасы 24-те, UFC-де 5 айқас өткізіп үлгерген. Оның үшеуінде жеңіске жеткен. Мазо соңғы кездесуінде Алексис Дэвистен жеңіліп қалған болатын.

Еске сала кетейік, Мария Агапова UFC алаңында екі мәрте өнер көрсетті. Өткен жылдың 13 маусымында ол UFC on ESPN 10 турнирінде америкалық Ханна Сайферспен жекпе-жек өткізді. Бұл айқас Мария Агапованың жеңісімен аяқталды.

23 жастағы қазақстандық спортшы үш минуттың ішінде қарсыласынан басым түсті. Осылайша бұл оның спорт жолындағы тоғызыншы және UFC алаңындағы бірінші жеңісі болды.

Кейіннен 2020 жылдың тамызында Мария америкалық Шэна Добсоннан жеңіліп қалды.