• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Шілде, 2021

Брюссельде НАТО-Израиль байланыстары талқыланды

113 рет
көрсетілді

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Альянстың Брюссельдегі штаб-пәтерінде Израильдің жаңа сыртқы істер министрі Яир Лапидамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz НАТО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Столтенберг Израильді «Альянстың белсенді серіктестерінің бірі» деп атады.

«Израиль 20 жылдан астам уақыт бойы НАТО-ның маңызды серіктесі және Жерорта теңізі диалогының белсенді қатысушысы болды. НАТО мен Израиль ғылым мен технология, азаматтық төтенше жағдайларға дайындық және басқару, терроризммен күрес, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздік сияқты түрлі мәселелер бойынша өзара байланыста», деді бас хатшы.

Кездесуде әскери технологиялар мен инновацияларды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.