• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2021

Қазақстанда кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт салынады

638 рет
көрсетілді

Қазақстанда алғашқы кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт Жамбыл облысының Сарысу ауданында салынады. Жоба Yildirim Holding түрік компаниясының еншілес кәсіпорны Qazaq Soda ЖШС-не тиесілі. Жобаны іске асыру 2021 жылдың 3-тоқсанына жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші кезеңде зауытқа салынатын инвестиция көлемі 400 млн долларды құрайды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1 млн тоннаға дейін өнімді құрайды. Қуаты 500 мың тонна болатын бірінші кезеңді 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс кезінде негізінен жергілікті тұрғындар арасынан 1000-ға жуық маман тарту жоспарлануда. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 300 жаңа жұмыс орны және 1000 жанама жұмыс орны құрылады.

Осы жобаны іске асырғаннан кейін Қазақстан әлемдегі жетекші сода өндіруші – Қытай, Түркия, АҚШ және Ресеймен бір сатыға көтеріледі. Кәсіпорын Қазақстанға кальцийлендірілген сода импортынан кетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ елдің ішкі қажеттіліктерін толық жабады және болашақта экспортқа жеткізуді бастайды деп күтілуде.