Маниланың оңтүстігіндегі Таал жанартауында 185 вулкандық жер сілкінісi тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ТРТ сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда Филиппин вулканология және сейсмология институты соңғы тәулікте 185 вулканикалық жер сілкінісі болғанын, төтенше жағдай сигналдық деңгейінің 3-шi сатыдан аспағанын мәлiмдеді.
Таал жанартауында 1 шілде күнгi қозғалыстан кейін дабыл деңгейі 3-ке дейін көтеріліп, мыңдаған адамды аймақтан эвакуациялау басталған болатын.