Нұр-Сұлтанда ITF World Tennis Tour Tomiris W 60 сериясы турнирінің бірінші күні қорытындысы бойынша іріктеу ойындарының финалистері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 жастағы Софья Чурсина алғашқы ойында ресейлік құрдасы Анастасия Ковалеваны жеңді. Кездесу 1 сағатқа созылып, екі сетте 6:4, 6:2 есебімен біздің теннисшінің сенімді жеңісімен аяқталды.Павлодар қаласының тумасы алты брейк-поинттың сегізін жүзеге асырды. Чурсина негізгі кезеңге шығу үшін Ресейдің тағы бір өкілі Виктория Морвайовамен кездеседі.«Ең алдымен wild card ұсынғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Егер матч туралы айтатын болсақ, бұл екеуіміз үшін де іріктеу ойындарының финалына шығудың тамаша мүмкіндігі еді, бірақ, менің ойымша, бүгін мен қарсыласымнан гөрі сенімді, әрі салқынқанды бола алдым», деді ойыннан кейін София.Татьяна Николенко, Карина Резванова, Адель Исмагулова, Елизавета Гнилозубова және Тамара Черкасова іріктеу ойындары бірінші кезеңінен өте алмады, енді олар басқа халықаралық жарыстарға дайындалады.