• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2021

Атырауда барлығы 1,2 млн ПТР-тест өткізілген

216 рет
көрсетілді

Атырау облысында былтырғы наурыздан бері 1 млн 292 мың ПТР-тест өткізілген, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, Атырауда коронавирус инфекциясына қарсы зерттеу жүргізілетін 14 ПТР-зертхана жұмыс істейді.

«Қазір облыстағы ПТР-зертханаларда тәулігіне 14 мыңнан астам зерттеу жүргізіледі. Елімізде коронавирус инфекциясы тіркелгеннен былтырғы наурыздан бері өңірде жүргізілген ПТР-тест саны 1 млн 292 мыңды құрады. Атырау облысы елімізде өткізілген тест саны бойынша алдыңғы орында тұр» деді Асхан Байдуәлиев.