• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2021

Министр картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты

920 рет
көрсетілді

Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Картоп мәселесіне келсек, көршілес Өзбекстанда да осындай проблема болды. Шын мәнінде қалыптасқан бағаның бір бөлігі біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей Федерациясы да сұраныс тудырды. Қазіргі уақытта картоптың бағасы өзгергенін және арзандап жатқанын көріп отырмыз. Күзде де айтарлықтай бірнеше есеге төмендейді деп күтеміз», деді министр.

Оның айтуынша, сәбіз бойынша да осындай жағдай.

«Бірақ биыл сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады, оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды»,  деді Бақыт Сұлтанов.