Қазақстанның Даму Банкі «Инвесторлармен байланыста үздік банк» номинациясы бойынша The Global Economics Awards-2021 беделді халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов қаржылық даму институтын басқару саласындағы жарқын жетістіктері үшін «Банктің үздік төрағасы» атағына ие болды. Банктің екі номинациядағы жеңісі – тиімділік пен халықаралық әріптестер мен сарапшылардың өңір экономикасын дамытуға ҚДБ-ның баға жетпес үлесін мойындауының символы», деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, The Global Economics Awards байқауын жыл сайын Британияның жетекші қаржылық Global Economics басылымы өткізеді.