• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Шілде, 2021

Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

316 рет
көрсетілді

Қазгидромет 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Каспий циклоны бүгін де республиканың көп бөлігіне өз әсерін тигізеді, сондықтан құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және шығысында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста күн ашық. Республиканың кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік пен оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстікте тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, жел күшейеді, күндіз бұршақ түседі.

Ақмола, Алматы облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, тұман күтіледі. Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Жамбыл, Павлодар облыстарында бұршақ жауады.

Түркістан, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с жетеді, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.