• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

«Басты мақсат – медаль санында емес»

227 рет
көрсетілді

Сочи Олимпиадасында Ресей спортшылары медальдар санын асыра түсуді басты мақсат етіп, алға қоймайды. Мұны Ресей Олимпиялық комитетінің президенті Александр Жуков ИТАР-ТАСС тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Сочи Олимпиадасында Ресей спортшылары медальдар санын асыра түсуді басты мақсат етіп, алға қоймайды. Мұны Ресей Олимпиялық комитетінің президенті Александр Жуков ИТАР-ТАСС тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Біздің медальдар жөнінде алдын ала мөлшерлеп отырған жоспарымыз жоқ, – деді ол. – Бірақ бұл «басты мақсат – қатысу» деген қағидатты да білдірмейді. Жұрт Олимпиялық ойындарға бір-бірін қызықтап көру үшін немесе өздерін жәй көрсетіп қайту үшін емес, бәсекенің көрігін қыздырып, жарысқа жалын қосу үшін барады. Ал қандай да бір доданың түпкі нәтижесі ондағы алынған орындармен өлшенеді».

Осы орайда Жуков дайындықтың жалпы жос­пары жасалып қойылғанын, ол бойынша әрбір саланың белгілі бір нәтижеге есеп жасағанын баяндады. Бірақ ол қалайда жеңіске жету үшін барлық тәсілдер мен айлаларды іске қосуға негіз бола алмайды. Барлық жарыс жолдары мен айдындарда әділдік салтанат құратын таза күрес жүруі тиіс. Президент сонымен қатар, Ресей спортшыларының мұның алдындағы Ван­­­куверде өткен Олимпиялық ойындардан төмен болуы ықтималдылығы туралы сұраққа: «Ол мүлде мүмкін емес», – деп нақты жауап берді.

Кездесуде олимпиялық нышандарды пайдалану жайы да сөз болды. Ойын кезінде олардың барлық құқығы Халықаралық олимпиялық комитетте болады. Себебі, Олимпиаданың иесі – осы комитет. «Олимпиялық ойындарды Ресей өткізбейді. Олимпиаданың иесі – Халықаралық олимпиялық комитет. Бізге тек Ойындарды өз жерімізде өткізу құқығы ғана берілген», – деді Жуков сөзінің соңында.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар