• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2021

Тарбағатайда қағандар бейнеленген алтын тәж артефактілер табылды

883 рет
көрсетілді

Тарбағатай ауданында «Елеке Сазы» қорғанын қазу кезінде археологтар ежелгі түркі дәуірінің бірегей алтын артефактілерін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Екі күн бұрын ғана белгілі археолог Зейнолла Самашев Тарбағатай ауданында қағанат басшылары бейнеленген алтын тәж артефактілерін тапты. Бүгінгі күнге дейін археологиялық қазба жұмыстары кезінде мұндай көне жәдігерлер кездеспеген еді. Бұл әлемдік жаңалық жақында жарық көретін үш томдық кітап беттеріне енетініне, ал артефактілер мұражай экспонаттарының арасынан лайықты орын алатынына сенімдімін», деп атап өтті Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше аймақ басшысы Қазақстан тарихына арналған үш томдық кітап редакциясының құрамына кіретін тарихшы-ғалымдармен және археологтармен кезекті рет кездесті.

Бұл басылымға профессор З.Самашевтың басшылығымен қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ежелгі түркі дәуірінің өте қызық ескерткіші – Елеке Сазы шатқалындағы ғибадат ету-еске алу ғимаратына байланысты ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері кіреді.

«Бұл кітапты жазуға құнды тарихи жаңалықтар ашқан көрнекті ғалымдар атсалысып жатыр. Ғалымдардың білімі мен кәсібиліктеріне күмән жоқ. Бұл өте маңызды. Олар кез келген түсініспеушіліктің алдын алатын және оны болдырмауға, бастысы тарихи әрі сенімді фактілерді жариялауға аянбай еңбек етіп жатыр», деді облыс әкімі.

Дәуірлік тарихи еңбектің бір бөлігі Қазақстанның қалыптасу тарихына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларға арналмақ. Үш томдық кітапта 1985-1991 жылдар аралығындағы кезең ерекше баяндалуы тиіс.