• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Шілде, 2021

Атырауда бірнеше адамды алдаған алаяқ сотталды

359 рет
көрсетілді

Атырауда бірнеше адамды алдап, ақшасын алған алаяқ әйел 3 жыл 1 айға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қалалық полиция басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Нұрболат Ерсұлтанның мәліметінше, жергілікті азаматша бірнеше адамды алдап келген.

«Алдымен былтырғы тамызда танысына Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданынан 3 бөлмелі пәтер алып беруге уәде етіп, 800 мың теңге ақшасын иемденген. Кейін қарашада тағы бір азаматшамен танысып, оған да 4 бөлмелі пәтер алып беремін деп 495 мың теңгесін алған. Бұдан соң биылғы қаңтарда «WhatsApp» желісіндегі жер телімінің жарнамасы арқылы жергілікті азаматпен танысқан. Сол азаматтан «Самал» шағын  ауданынан жер телімін алуға көмектесу үшін 750 000 теңге сұраған», дейді Нұрболат Ерсұлтан.

Оның айтуынша, алаяқ әйелге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағымен тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Сот шешімімен алаяқ әйелге 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеп беруі тиіс.