• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

ҚАРУ-ЖАРАҚ САҚТАУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

707 рет
көрсетілді

29 сәуірде Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары – Хат­шылық меңгерушісі Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесі инспекция­сы­ның кезекті отырысы болды. Онда екі мәселе қаралды: 1) Мемлекет басшысының оқ-дәрілерді сақтау және оларды қайта кәдеге асыру ны­сандарында қауіпсіздікті қам­та­масыз ету жөніндегі тапсырмала­рын орындау барысы туралы; 2) әскери қызметкерлерді тұрғын үй­мен қамтамасыз ету кезінде заң­дылықтың сақталуы туралы. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Төтенше жағдайлар жө­нін­дегі вице-министр Валерий Пе­тров­тың және бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтің хабарлама­ла­ры тыңдалды. Мем­лекет басшы­сының қару-жарақты сақтау және қайта кәдеге асыру қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге қатысты тапсыр­ма­ларын іске асыру жөнінде мем­лекеттік органдар қабылдаған ша­раларға баға берілді. Екінші мәселені қарау кезінде бас әскери прокурор Ерғали Мер­за­динов Қауіпсіздік Кеңесі инспек­циясының мүшелерін әскери құ­рылымдарда тұрғын үй заңдылығы талаптарының орындалуы туралы хабардар етті. Талқылау нәтиже­лері бойынша әскери органдардың ор­талық аппараттары мен гар­низон­дарда тұр­ғын үйге кезекті қалып­тас­тыру және оны бөлу кезіндегі заң­ды­лықтың сақталуын тексеру жөнінде Қауіпсіздік Кеңесі инс­пек­циясының Арнаулы комис­сиясын құру туралы шешім қа­былданды. Отырыс қорытындылары бой­ын­ша мүдделі мемлекеттік орган­дарға тиісті тапсырмалар берілді.