Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 106 науқас оқшауланған. Оның ішінде 824 адам инфекциялық стационарларда, ал, 1 282 пациент үйінде емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 12 шілдеде 334, 13 шілдеде 320 адамнан қауіпті вирустың белгісі табылып отыр.
Екі күнде Атырау қаласында 495 науқас тіркелген. Ал Теңіз кенішінде 26, Жылыой ауданында 40, Индерде – 24, Құрманғазыда – 22, Исатайда – 17, Махамбетте – 13, Қызылқоғада – 11, Мақат ауданында 6 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
«Қазір инфекциялық стационарларда 824 науқас қауіпті вирусқа қарсы ем қабылдап жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада 194, аудандардағы стационарларда 184, №2 облыстық ауруханада 172, кардиологиялық орталықта 109, фтизиопульманологиялық орталықта 91 пациент оқшауланды. Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы стационарда 74 адам емделуде. Бұған қоса, үйінде емделу үшін оқшауланған науқастар саны – 1 282 адам», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.