• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

241 рет
көрсетілді

*ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында елорда аумағына жас көшет­тер отырғызу одан әрі жалғас­ты­ры­латын болады. Соңғы жылдардың өзінде бас қаланың 14 мың гектарына жас көшеттер отырғызылған. Ал 2017 жылға дейін Астана төңі­регінің 40 пайызға жуығы орман-тоғай болады.

*ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында елорда аумағына жас көшет­тер отырғызу одан әрі жалғас­ты­ры­латын болады. Соңғы жылдардың өзінде бас қаланың 14 мың гектарына жас көшеттер отырғызылған. Ал 2017 жылға дейін Астана төңі­регінің 40 пайызға жуығы орман-тоғай болады.

*Қашаған кен орнындағы «Д» аралынан тартылған мұ­най құ­быры тексеріледі. Диаг­нос­­тикалық снарядтың көмегімен ұзын­дығы 96 шақырым газ құбырын тексеруге арнайы мамандар бөлінген. Бұл жұмысты іске асыру өндірістік газдың кемуіне байланысты жос­парланған болатын.

*Елімізде жаңа жүк электровоздары сынақтан өткізілуде. Екі секциялы электровоздың номи­налдық қуаты - 8800 квт. Конс­трук­циялық жылдамдығы 120 км/сағатқа тең. Жаңа техникада басқару мен диагностиканың кешенді микропроцессорлық жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл электровозда климат-бақылауды басқару кабинасы бар.

*31 жел­тоқ­сан мен 1 қаңтар аралығындағы 2 күнде елімізде 1203 бала дүниеге келді. Бала туу көрсеткіші бойынша Оңтүстік Қа­зақстан облысы көш бастап тұр. Мұнда 262 сәби жарық дүние есігін ашты.

*«Көшпенділер» трило­гия­сының авторы, жазушы І. Есен­берлиннің 100 жылдығы 2015 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Сондай-ақ, осы жылы Ақ­мола облысы Атбасар ауданының орталығындағы алаңда қаламгерге арналған еңселі ескерткіш бой көтермек.

*Шығыс Қазақстан облысында әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Кеше алғашқы болып ауылдық жә­не кент округі әкімдері есеп берді. Же­келеген мәселелер бойынша тұр­ғындар талабы ескерілетін болды.

*2016 жылы Павлодар мұнай-химия зауыты экологиялық К4 түріндегі жанармай мен К5 түріндегі дизель отынын шығара бастайды.  Бұл өндірісті жаңғырту негізінде іске асырылғалы отыр.

*Алматы облысында қар құр­сауында қалған 5 адам құт­қа­рылды. Олардың көліктері  «Үш­арал – Достық» республикалық ма­ңы­зы бар автокөлік жолының 94-ші шақырымында жүрмей қал­ды. Аталған жолдың жабылғаны тура­лы мәлімет алдын ала жария­лан­ғанымен, азаматтар бұл ескертуге мән бермеген.

*Қарағанды облысы «Бесоба» шағын ауданында опырылып құ­лаған үйдің тұрғындарына жаңа­дан бой көтерген «Шапағат» тұр­ғын үй кешенінен пәтер берілді. Бұл жерге 27 отбасы қоныстанды. Ал қал­ған 200-ден астам отбасыға жыл соңы­на дейін пәтер кілті табыс еті­леді.

«bnews.kz», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар