• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

ХАЛЫҚ БІРЛІГІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР

540 рет
көрсетілді

28 сәуірде “Нұр Отан” партиясында партияаралық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар ең өзекті тақырыптардың бірі – көршілес Қырғызстандағы жағдайды талқылады, деп хабарлады осы партияның баспасөз қызметі. “Нұр Отан” партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин атап өт­кендей, “Президентіміз, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың халықаралық жоға­ры беделінің, азаматтық батыл қимылының арқасында Қыр­ғыз­станда азамат соғысы қау­пі жойылды.  Елде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтама­сыз ету үшін Үкіметтік деңгейде келіссөздер жүргізілуде”. Отырыс нәтижесінде Қыр­ғыз­стандағы қайғылы оқиғалар және ЕҚЫҰ-ға төраға ретінде Қазақстан тарапынан қабыл­да­нып жатқан шаралар туралы пар­тияаралық кеңеске қатысу­шы­лардың үндеуі қабылданды. Үндеуде көрші Қырғыз­стан­да болған оқиғаларға қатысты алаңдаушылық, азамат со­ғыс­ына жол бермеген Қазақстан бас­шылығының батыл қадамда­ры мен толықтай қолдау көрсе­туі жөнінде айтылады. Партия­аралық кеңеске қатысушылар барлық саяси күштерді Қырғыз­стан­дағы жағдайды қайталамауға шақырды. Әсіресе, Қазақстан халқының өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдар­ламалар мен жобаларды орын­дауда халық бірлігіне ерекше көңіл бөлінді.