2013 жылғы 20 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №38, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:көрсетілген қаулымен құрылған ұлттық ғылыми кеңестер тізбесінде:1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:«1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;2) энергетика және машина жасау».2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.