• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2021

Құрбан айт қарсаңында Алматы облысында карантин күшейтіледі

298 рет
көрсетілді

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 шілдедегі «Құрбан айт мейрамын өткізу кезінде Алматы облысы тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы» қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, COVID-19 коронавирус инфекциясының Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде Алматы облысында жиілеуіне байланысты, сондай-ақ COVID-19-дың халық арасында одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Алматы облысы Құрбан айт мерекесі кезінде 19 шілдеден 23 шілдеге дейін, 16 шілдеден бастап келесі шектеу шаралары енгізілді:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуы сипатында іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

2) көлік құралдарында және жеке үй шаруашылықтарында мал сатуға тыйым салынады;

3) ветеринарлық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған мал сою орталықтары мен учаскелерінде (ветеринария қызметі бекіткен тізімге сәйкес, мал сою орындары, аудандардағы алаңдар) малды союды және сатуды ұйымдастыру;

4) малды тек ветеринарлық сертификатпен жабық режимде, тек тапсырыс және үйге жеткізу бойынша жүзеге асыру, мал сойдыртуға адам келтірмей;

5) бүкіл облыстағы мал сою пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейту;

6) Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер бере отырып, құрбандық шалу (Құрбандық);

7) халыққа Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру бойынша call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру;

8) қажеттi мөлшерде тоңазытқыш жабдықтарымен, тоңазытқыштармен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын өнiмдердi (құрбандыққа шалынатын малдың етi) мұқтаж адамдарға тасымалдау және сақтау жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарын сақтау;

9) әкімдіктер жанындағы мобильді топтардың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын бақылау.