Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау қаласындағы емханаларда аталған вакцинаның қоры таусылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус инфекциясына қарсы өзге вакциналар қандей емханаларда бар екендігі айтылды.
«Атырау қаласы мен оған іргелес ауылдық округтердің емханаларында «Спутник V» вакцинасы бар. Ал, «CoronaVac» вакцинасы қаладағы №1, №2, №3, №5, №7, сондай-ақ Геолог, Дамбы, Еркінқала ауылдық емханалары мен «Медикер» компаниясында жеткілікті. Сондай-ақ №1, №2, №4 және Геолог емханасы мен «Медикер» компаниясында «QazVac» вакцинасын салдыруға болады. Барлық емханаларда «Hayat-Vax» вакцинасының қоры таусылды. Атырауға бұл вакцина қашан жеткізілетіні әзірге белгісіз», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.