Сәрсенбіде Тель-Авивте Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жайында алғашқылардың бірі болып Анадолы агенттігі ақпарат таратты.
Салтанатты рәсімге Израиль Президенті Ицхак Герцог қатысты.
Дипломатиялық миссиясы зор ғимараттың есігіндегі қызыл лентаны президент Герцог пен БАӘ-нің Израильдегі елшісі Мұхаммед Махмуд Әл-Хадж қиды.
«Елшілік тек дипломаттар үшін резиденция ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынасты, серіктестік пен диалогты нығайтуға арналған алаң», деді елші сөз арасында.
Ал Израиль Президенті бұрындары Тель-Авивте БАӘ туын көру алыс арман болып көрінгенімен, бүгінде бұл шындыққа айналғанын атап өтті.