• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 15 Шілде, 2021

Мемлекеттік грант: Талапкерден медициналық анықтама талап етіле ме?

470 рет
көрсетілді

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат тапсыру кезінде талапкерлерден денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілмейді, деп жазады Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасап,

16 шілде күні елімізде мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Қабылдау онлайн форматта «Электронды үкімет порталында» жүзеге асырылады. 

«Қазір медициналық анықтама алуға ниет білдірушілер санының артуына байланысты, білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде талапкерлерден денсаулық жағдайы туралы анықтама талап етілмейтінін естеріңізге саламыз. Медициналық анықтама тамыз айында университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни, болашақ студенттердің денсаулық жағдайы туралы анықтама алуына әлі уақыт бар. Пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды қорғау өте маңызды», деп жазылған хабарламада.