• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1372

280 рет
көрсетілді

2013 жылғы 20 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы №104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):«Екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:«Тiзiмде пайдаланылатын терминдердiң анықтамалары» деген кіші бөлімде:«Ұшу аппараты» (1, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Ұшу аппараттары» (1, 7, 9) – жылжымайтын қанаты, бұрылмалы қанаты (тікұшақ), айналмалы қанаты, бұрылмалы тірек бұрандасы немесе қанатының оқтай қалпы өзгермелі ұшу аппараттары.»;«Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын:«Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) – бөлшектерден, жіптәріздес кристалдардан, талшықтардан немесе олардың кез келген комбинациясынан тұратын, белгілі бір мақсат немесе мақсаттар үшін әзірленген «матрица» және қосымша фаза немесе қосымша фазалар.»;«Оқшаулау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Оқшаулау» (9) зымыран қозғалтқыштарының құрамдауыштары, яғни корпус, сопло, ауа сақтағыштары, корпустың бітеуіштері үшін қолданылады және құрамында оқшаулау және отқа төзімді материал бар вулканизацияланған немесе жартылай вулканизацияланған резеңке қоспаның пластинасын қамтиды. Сондай-ақ қорғаныш оқшаулағышты немесе кернеуді төмендетуге арналған төсемді қамтуы мүмкін.»;«Ішкі қаптау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі қаптау» (9) – қатты зымыран отыны мен корпус немесе оқшаулау төсемі арасындағы қабатша үшін қолданылады. Әдетте, бұл сұйық полимер негізіндегі оқшаулау немесе отқа төзімді материал, мысалы, түпкi гидроксилдi топтармен көмiртегi толтырылған полибутадиен (КТКП) немесе тозаңданатын немесе вулканизациялық қоспалармен корпустың iшiне орналастырылған басқа полимер.»;«Лазер» (0, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Лазер» (0, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9) – құрауыштардың жиынтығы, олар кеңістікте де, сондай-ақ уақыт бойынша да сәулеленудiң ынталандырылған эмиссиясы арқылы күшейтілетін когерентті жарықтық сәулеленуді жасайды.»; «Лазер» деген терминге айрықша ескертпе мынадай редакцияда жазылсын: «Айрықша ескертпе: «Химиялық лазерді»; «Аса жоғары қуатты лазерді»; «Қайта құрылатын лазерді» де қараңыз.»; «Зымыран» (1, 3, 6, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Реактивті снарядтар» (1, 3, 6, 7, 9) – кемінде 300 км қашықтыққа салмағы кемінде 500 кг жүкті жеткізуге қабілетті толық зымыран жүйелері және пилотсыз ұшу аппараты.»;«Өндiрiстiк жабдық» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Өндiрiстiк жабдық» (1, 7, 9) – «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған немесе «өндірістің» бір немесе одан көп кезеңдері үшін аспаптық құралдардың, үлгiлердiң, қысқыш бейiмдемелердiң, жақтаулардың, білікшелердің, жалаушалардың, арматураның, реттеуге арналған тетiктердiң жиынтығы, сынақтан өткiзуге арналған жабдық.»;«Өндiрiстiк қондырғылар» деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Өндiрiстiк қондырғылар» (7, 9) – «өндірістік жабдық» және «әзірлеу» үшін немесе «өндірістің» бір немесе одан көп кезеңдері үшін монтаждау процесінде ол үшін арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету.»;«Талап етілетін» деген термин мынадай редакцияда жазылсын:«Талап етілетін» (1 – 9) – «технологияға» қатысты бақыланатын деңгейлерге, сипаттамаларға немесе функцияларға қол жеткізуге немесе арттыруға мүмкіндік беретін технологиялардың бір бөлігін ғана білдіреді. Мұндай «талап етілетін» «технология» әртүрлі тауарларда болуы мүмкін.»;«Ғарыштық аппараттар» (7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Ғарыш аппараттары» (7, 9) – активті және пассивті спутниктер және ғарыш зондтары.»;мынадай мазмұндағы терминдермен толықтырылсын: «FADEC жүйелері» (7, 9) (қозғалтқышты басқарудың толығымен автономды электронды-сандық жүйелері) – газ-турбиналық қозғалтқыштарды басқарудың сандық электрондық жүйесі, ол ұшырудан бастап тоқтағанға дейін қалыпты және авариялық жағдайларда қозғалтқыштың барлық пайдалану диапазонында қозғалтқышты автономды түрде басқара алады.«Пилотсыз ұшу аппараты» («ҰҰА») (9) – бортта адамның қатысуынсыз бақыланатын ұшуды және аэронавигацияны қолдауға және ұшып көтерілуге қабілетті кез келген ұшу аппараты.»;«1-санат Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген кіші бөлімде:«Әскери стандарттар немесе ерекшелiктер бойынша әзiрленбеген және орындалуында оларға тең емес бронды кеудешелермен арнайы арналған компоненттер.» деген 1А005-бөлік мынадай мазмұндағы 3-ескертпемен толықтырылсын:«3-ескертпе: 1A005-тармақ пышақтың, ұшталған кертіктің, иненің немесе доғал заттың жарақаттайтын соққысынан қорғануға арналған бронды кеудешелерге қолданылмайды.»;мынадай мазмұндағы 1А006, 1А007 және 1А008-бөліктермен толықтырылсын:«1A006 Төменде көрсетілген қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру үшін арнайы әзірленген және модификацияланған жабдық және оған арналған құрамдауыштар мен құралдар:a. Қашықтықтан басқарылатын көлік құралдары;b. «Ажыратқыштар».Техникалық ескертпе: «Ажыратқыштар» – сұйықтықпен, қатты немесе осал снарядтың әсер етуі арқылы жарылғыш құрылғының жұмыс істеуін тоқтату үшін арнайы әзірленген құрылғылар.N.B. Әскери мақсатта қолдану үшін арнайы жасалған, атап айтқанда, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыруға арналған жабдықтың сипаттамасы, сондай-ақ ML4-тармақта келтірілген.Ескертпе: 1A006-тармақ егер оны оператор басқаратын болса, жабдыққа қолданылмайды.1A007 Электр құралдарының әсерімен құрамында энергетикалық материалдар бар зарядтар мен қондырғыларды бастамалау үшін арнайы әзірленген жабдық және құрылғылар, мысалы:a. 1A007 b тармағында көрсетілген жарылғыш қондырғылардың детонаторларын іске қосу үшін әзірленген жарылғыш қондырғыларының детонаторларын іске қосуды басқару пульті.b. Жарылғыш құрылғылардың электродетонаторлары:1. Жарылғыш көпірі бар детонаторлар (ЕВ);2. Сымнан жасалған жарылғыш маңдайшасы бар детонаторлар (EBW);3. Соққышы бар детонаторлар;4. Жарылғыш фольгасы бар бастамашылар (EFI).Техникалық ескертпе:1. «Детонатор» деген терминнің орнына кейде «бастамашыл» немесе «тұтандырғыш» деген терминдер пайдаланылады.2. 1A007b тармағына қатысты, онда сипатталған барлық детонаторларда шағын электр өткізгіш пайдаланылады (көпір, жарылатын тізгін немесе фольга), ол жарылыс кезінде буға айналады, ол арқылы қысқа күшті ағымды электр импульсі өтеді. Соқпалы әрекет етпейтін детонаторларда РЕТМ (пентаэритритолтетранитрат) сияқты онымен түйісетін сезімтал жарылғыш затта жарылғыш өткізгіш химиялық детонациялауды тудырады. Электр өткізгішінің булануы тудырған жарылыс соқпалы әрекет ететін детонаторларда ұрғышты немесе тескішті қолданысқа келтіреді, ол жарылғыш затқа әсер етеді және химиялық детонацияны тудырады. Кейбір конструкцияларда соққышты магниттік өріс қолданысқа келтіреді. «Жарылғыш фольгасы бар детонатор» деген термин жарылғыш көпірі бар детонаторларға да, соғу әрекетінен болған детонаторларға да жатады.N.B. Әскери пайдалану үшін арнайы жасалған жабдық және құрылғылар әскери тізімде сипатталған (СВ).1A008 Зарядтар, құрылғылары мен құрамдауыштары:a. Төменде аталған барлық сипаттамалары бар «кумулятивтік зарядтар»:1. Жарылғыш заттың нетто мөлшері (ЗНМ) 90 г астам; және2. Қабығының сыртқы диаметрі 75 мм және одан астам;b. Төменде келтірілген барлық сипаттамалары, сондай-ақ оларға арнайы әзірленген құрамдауыштары бар, конструкция бөлшектерін іркілтуге арналған желілік кумулятивтік зарядтар. 1. Жарылғыш заттың заряды 40 г/м астам; және2. Ені 10 мм тең немесе одан көп;c. Өзегінде жарылғыш заттар бар детонациялайтын баулар 64 г/м астам;d. 1A008 b тармағында көзделгендерді қоспағанда, пирошпангоуттар, және ЗНМ 3,5 кг астам ажыратқыш зарядтар.Ескертпе: 1A008-тармақта айқындалған зарядтарға және құрылғыларға 1-санатқа қосымшада тізбеленген «жарылғыш заттарды» қамтитындар және олардың қоспалары ғана жатады. Техникалық ескертпе:«Кумулятивтік зарядтар» – жарылыс толқынының әрекетін бағыттауға мүмкіндік беретін арнайы нысаны бар жарылғыш заттар.»;1D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1D101 «Бағдарламалық қамтамасыз ету», 1B101, 1В102, 1В115, 1В117, 1В118 немесе 1В119-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын өнiмді «пайдалану» үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған.»;1D103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1D103 Объектінің көрінуін, мысалы, радиолокациялық бейнелеу қабілетін, ультра күлгiн/инфрақызыл толқындар және акустикалық көрініс диапазонында көрінуін азайту үшін арнайы әзiрленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету.»;1Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1Е101 «Технологиялар» 1A102, 1B001, 1B101, 1B102, 1B115 – 1B119, 1C001, 1C101, 1C107, 1C111 – 1C118, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын тауарларды «пайдалау» үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.»;1Е102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1Е102 «Технологиялар» 1D001, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу» үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.»;1Е103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1Е103 «композициялық материалдарды» немесе iшiнара өңделген «композициялық материалдарды» «өндіру» кезінде автоклавтардағы немесе гидроклавтардағы температураны, қысымды немесе атмосфераны реттеуге арналған «Технологиялар».;1E104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1E104 «Технологиялар» құрамында 1,573 К (1,300 С)-ден 3,173 К (2,900 С)-ге дейiн температура диапазонында және 130 Ра-дан 20 кРа-ға дейiн қысым кезiнде ыдырайтын заттары бар қалыпқа, ілдірікке немесе газ ағынының өзге төсеміне беру арқылы пиролит тәсілімен материалдарды «өндiруге» байланысты. Ескертпе. 1Е104-тармағы белгілі бір ағын жылдамдығы бар қажетті құрамдағы газ ортасын алу «технологиясын», технологиялық дәйектілікті және процесті реттеу өлшемдерін қамтиды.»;«2-Санат Материалдарды өңдеу» деген кіші бөлімде:2А001-бөліктен кейін мынадай мазмұндағы 2А101-бөлікпен толықтырылсын:«2А001 ISO 492 сәйкес 2-рұқсат сыныбы белгіленетін, барлық рұқсаттары бар, 2А001 көрсетілгендерден ерекшеленетін шарикті подшипниктер (немесе ABEC-9 рұқсат сыныбының ANSI / ABMA Std 20 немесе өзге де ұлттық баламалар) немесе жақсысы және барлық мынадай сипаттамалары бар:a. Саңылау диаметрі 12 және 50 мм ішкі сақина;b. Саңылау диаметрі 25 және 100 мм сыртқы сақина; жәнеc. Ені 10 және 20 мм арасында.»; 2B104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2B104 «2В004-тармаққа сәйкес бақылауға жататындардан басқа, мынадай барлық сипаттамалары бар «изостатикалық престер»: Ерекше ескертпе: сондай-ақ 2В204 қараңыз. а. Ең жоғары жұмыс қысымы 69 МПа және одан көп;b. Камерада 873 К (600 С) немесе одан жоғары бақыланатын температураға жеткiзуге және оны ұстап тұру үшін әзірленген; жәнес. Ішкi диаметрi 254 мм немесе одан астам жұмыс камерасы бар.2B104 8462 99 200 9 8462 99 800 »; 2B105-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«2B105 2В005.а тармағында көрсетiлгендерден (СVD) басқа, бу фазасынан химиялық элементтерді тұндыруға арналған, көмiртек-көмiртектiк композициялық материалдарды нығыздау үшiн арнайы әзірленген немесе модификацияланған пештер.2В105 8462 99 200 9 8462 99 800 »;2В109-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2В109 2В009-тармақтарында көрсетілгендерден басқа жаныштап үгітетін аунатпалы станоктар және мыналар сияқты арнайы құрастырылған компоненттер:Ерекше ескертпе: сондай-ақ 2В209 қараңыз.а. Мынадай барлық сипаттамалары бар станоктар: 1. Өндірушінің техникалық ерекшелiгiне сәйкес «сандық бағдарламалық басқару» блоктарымен немесе егер тиісті электр жабдығы станоктармен немесе оларға арналған құрамдауыштармен бiрге жеткізілмесе де компьютерлік басқарумен жарақтандырылуы мүмкін; және2. Екi немесе одан көп осі, олар бiрлесіп мезгiлдiк «контурлық басқаруға» үйлестірілуі мүмкін; b. 2В009 немесе 2В109-тармақтарға сәйкес бақылануға тиіс ию станоктарына арналған арнайы құрастырылған құрамдауыштар. Ескертпе: 2В109-тармақ бойынша 9А005, 9А007.а немесе 9А105.а тармақтарында көрсетiлген жүйелер үшiн қозғалтқыш құрылғылары мен жабдықтары (мысалы, қозғалтқыш корпусын) өндірісінде қолданыла алмайтын станоктар бақылауға алынбайды. Техникалық ескертпе: 2В109-тармақтың мақсаты үшін жаныштап үгіту және ию функцияларын бiрiктiретiн станоктар жаныштап үгіту станоктары ретiнде қаралады.2В109 8462 29 100 0 8463 90 000 0 8462 21 8462 29 8462 99 800 8462 99 800 9 »;2В116-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«2В116 Вибрациялық сынақтарға арналған жүйелер, оларға арналған жабдықтар және құрамдауыштар:а. Керi байланысты немесе тұйық контурмен басқару әдiстерiн пайдаланатын және «таза үстел» режимiнде өлшенген, 50 кН немесе одан артық күшпен итеретiн 20 Гц-ден 2 Гц-ге дейiнгi жиiлiктер диапазонында 10 Д (орташа квадраттық мән) немесе одан артық вибрациялық қайта жүктеу құруға қабiлеттi вибрациялық сынақтарға арналған жүйелер;b. Уақыттың нақты ауқымында арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етумен үйлесімді 5 кГц астам өткiзу белдеуiнiң енiне, 2В116.а тармағында көрсетiлген жүйелерде вибрациялық сынақтар үшiн пайдалануға арнайы құрастырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен үйлестіріп пайдалану үшiн құрастырылады;Техникалық ескертпе: 2В116.b тармағында «уақыттың нақты масштабында өткізу жолақтарының ені» деп ең жоғарғы жылдамдық түсіндіріледі, онда бақылаушы үлгілерді жинау, деректерді өңдеу және басқару сигналдарын берудің толық циклін орындай алады.с. Тиiстi күшейткiштерi бар немесе олар жоқ «таза үстел» режимiнде өлшенген 50 кН немесе одан артық күштi беруге қабiлеттi және 2В116.а-тармағында сипатталған вибрациялық сынақтар үшін жүйелерде қолдануға жарамды вибрациялық итергiштер (вибраторлар);d. Вибраторлардың көпшiлiгiн жүйеге бiрiктiру үшiн әзiрленген, «таза үстел» режимiнде өлшенген 50 кН жалпы күш беруге қабiлеттi және 2В116.а-тармағында сипатталған сынақ жүйелерiнде қолдануға жарамды механикалық және электронды құрамдауыштар.Техникалық ескертпе: 2В116-тармаққа қатысты «таза үстел» тегiс үстелді немесе бекiту немесе монтаждау бөлшектері жоқ үстiңгi беттi бiлдiредi.».2B116 a. 9031 20 000 02B116 b. 8537 10 100 0 8537 10 910 8537 10 990 0 8537 202B116 c. 9031 90 850 02B116 d. 9031 20 000 0 9031 90 850 0 »;2В117-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2В117 2B004, 2B005.a., 2B104 немесе 2В105-тармақтарында көрсетілгендерді қоспағанда, зымыран қозғалтқыштары шүмектерінің композиттік материалдарын және қайтарылатын аппараттардың ұштықтарын нығыздау және күйдіру үшін әзірленген немесе модификацияланған жабдық және бақылау жабдығы.».2B117 8803 90 200 0 8803 90 300 0 »; 2В120-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2В120 Мынадай сипаттамалардың барлығына ие қозғалыс имитаторлары немесе айналу үстелдерi:а. Осі екi немесе одан да көп;b. Электр энергиясын және/немесе сигналдың ақпаратын беруге қабiлеттi сырғымалы сақиналармен немесе байланыссыз құрылғыларымен жабдықтау үшін әзірленген немесе модификацияланған; және с. Мынадай сипаттамалардың бірiне ие:1. Осьтердiң кез келгенi төменде көрсетілгендердің барлығына ие: а. Жылдамдықты 400 град/с және одан да көпке не 30 град/с және одан төменге арттыратын; және b. Жылдамдығы бойынша, 0,6 град/с және одан кем дәлдiгі 6 град/с және одан кем рұқсаты бар;2. Жылдамдығы бойынша тұрақтылықтың төменгi шегіне ие, орталықтанған учаскеге қосу-алуымен 0,05% және жақсы 10 градус және одан да көп; немесе3. «Дәлдік» 5 бұрыштық секундқа тең немесе кем (жақсырақ) позициялау.1-ескертпе: 2В120-тармақ станоктар немесе медициналық жабдықтар үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған, айналу үстелдерін бақыламайды. Станоктарға арналған айналу үстелдерін басқару құрылғылары туралы 2В008-тармақты қараңыз.2-ескертпе: Экспорттау кезінде ток түсіретін сақиналар немесе байланыссыз құрылғылар орнатылғанына қарамастан, 2В120-тармақта көрсетілген қозғалыс қайталаушылары немесе айналмалы үстелдер бақылауға жатады.2B120 8805 21 000 0 9031 20 000 0 »;2В121-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2В121 1В120-тармақта көрсетiлгендерден басқа, мынадай сипаттамалардың бәрiне ие позициялауға арналған үстелдер (кез келген ось бойынша дәл айналымды позициялау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жабдықтар):а. Осi екi немесе одан да көп; жәнеb. «Жайғастыру дәлдігі» 5 бұрыштық секундқа тең және одан кем (жақсы).Ескертпе: 2В121-тармақ станоктар немесе медициналық жабдықтар үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған айналу үстелдерін бақыламайды. Станоктарға арналған айналу үстелдерiн басқару құрылғылары туралы 2В008-тармақты қараңыз.2B121 8805 9031 20 000 0 »;2B122-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2В122 Электр энергиясын және/немесе сигнал ақпаратын беруге қабілетті ток түсіретін сақиналар немесе байланыссыз құрылғылармен жабдықтау үшін әзірленген немесе модификацияланған және 100 g жоғары жылдамдықты дамытуға қабілетті центрифугалар.Ескертпе: Экспорттау кезінде оларда ток түсіретін сақиналар немесе байланыссыз құрылғылардың орнатылуына немесе жоқтығына қарамастан, 2В122-тармақта көрсетілген центрифугалар бақылауға жатады.2B122 8421 19 700 9 8401 8421 19 9031 20 000 0 »;2D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2D101 2B104, 2B105, 2B109, 2B116, 2B117 немесе 2B119 – 2B122-тармақтарда көрсетілген жабдықты «қолдану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».Ерекше ескертпе: 9D004 – қараңыз2D101 8523 80 8523 80 0 »; 2Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2Е101 2B004, 2B009, 2B104, 2B109, 2B116, 2B119 – 2B122 немесе 2D101-тармақтарда көрсетілген жабдықты немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «қолдану» үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес «технологиялар».»;3 – Санат «Электроника» деген кіші бөлімде:3А001 «Мыналар сияқты электрондық компоненттер:» деген бөлім мынадай мазмұндағы g және h абзацтарымен толықтырылсын:«g. Қатты денелі импульстік күш беретін коммутациялық тиристорлық құрылғылар және электрмен, оптикалық немесе электронды-эмиссиялық ауыстырылып басқарылатын, «тиристорлық модульдер», мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие:1. Сүйемелдеуіш токтың ең жоғарғы өсу жылдамдығы (di/dt) 30 000 A/мкс астам және тұйық күйдегі кернеуі 1100 В астам; және2. Сүйемелдеуіш токтың ең жоғарғы өсу жылдамдығы (di/dt) 2000 A/мкс астам және төмендегі барлық сипаттамалар:a. Тұйық күйдегі импульстік кернеуі 3000 В және одан көп; жәнеb. Импульстегі барынша ток (екпінді ток) 3000 А астам;1-ескертпе: 3A001g-тармағы мынаны қамтиды:кремниймен басқарылатын тиристорлар (SCR)электрмен басқарылатын тиристорлар (ETT)жарықпен басқарылатын тиристорлар (LTT)ысырма бойынша коммутаторлық жабылатын тиристорлар (IGCT)жабылатын тиристорлар (GTO)ӨМО-пен басқарылатын тиристорлар (ӨМО – жартылай өткізгіш металл – оксид құрылымы)Solidtron маркалы жартылай өткізгіш коммутаторлар 2-ескертпе: 3A001g тармағы теміржол көлігінде немесе «азаматтық ұшу аппараттарында» қолдануға арналған, жабдыққа орнатылған «тиристорлық модульдерге» және «тиристорлық қондырғыларға» қолданылмайды.Ерекше ескертпе:3A001g-тармағының түпмәтінінде «тиристорлық модуль» бір немесе бірнеше тиристорлық қондырғыларды қамтиды.h. Төмендегі барлық сипаттамалары бар қатты денелі, жартылай өткізгіш күш ауыстырып қосқыштары, диодтар немесе «модульдер»:1. 488 K (215oC) жоғары өтудің ең жоғарғы номиналды жұмыс температурасы;2. Тұйық күйдегі 300 В астам кезеңдік импульстік кернеу (блоктауыш кернеу); және3. 1 A астам үздіксіз ток1-ескертпе: 3A001h тармағы тұйық күйдегі кезеңдік импульстік кернеу қуат көзінің кернеуін, коллектор-эмиттер кернеуді, кезеңдік импульстік кері кернеуді және тұйық күйдегі кезеңдік импульстік блоктанатын кернеуді қамтиды.2-ескертпе: 3A001h тармағы мынаны қамтиды:басқарылатын ауыспалы p-n бар далалық транзисторлар (JFET)сатылас ауыспалы p-n бар далалық транзисторлар (VJFET)өткізуші металл-оксид құрылымы бар далалық транзисторлар (MOSFET)ӨМО құрылымы бар екі диффузиялы далалық транзисторлар (DMOSFET) оқшауланған ысырмасы бар биополярлы транзисторлар (IGBT)электрондардың жоғары қозғалысы бар транзисторлар (HEMT)биополярлық жазықтық транзисторлары (BJT)тиристорлар және кремний басқарылатын тиристорлар (SCR)жабылатын тиристорлар (GTO)эмиттерлік жабылатын транзисторлар (ETO)реттелетін резистивтік диодтарШоттки диодтары3-ескертпе: 3A001h тармағы азаматтық автомобиль, теміржол көлігінде және «азаматтық ұшу аппараттарында» қолдануға арналған жабдыққа орналастырылған айырып-қосқыштарға, диодтарға немесе «модульдерге» қолданылмайды. Арнайы ескертпе:3A001h тармағына қатысты «модуль» бір немесе бірнеше қатты денелі жартылай өткізгіш күштік айырып-қосқыштарды немесе диодтарды қамтиды.»;«3А101 3А001-тармақта сипатталғандардан ерекшеленетiн мыналар секiлдi электронды жабдық, құрылғылар мен компоненттер» деген бөліктегі а. абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «а. Жоғары қорғалымдағы жабдық үшiн әскери ерекшелiктерге сәйкес әзiрленген, «реактивті снарядтарда» пайдалану үшін жарамды үйлесімді-цифрлық түрлендiргiштер.»; мынадай мазмұндағы 3А102-бөлікпен толықтырылсын:«3А102 «Реактивті снарядтар» үшін әзірленген немесе модификацияланған «жылу батареялары».Техникалық ескертпелер.1. 3А102-тармақта «жылу батареялары» құрамында электролит ретінде өткізбейтін қатты бейорганикалық тұз бар, бір реттік қолданылатын батареялар түрінде айқындалады. Бұл батареялар, жалындау барысында электролитті балқытатын және батареяны жандандыратын пиролитті материалдардан тұрады.2. 3А102-тармақта «реактивті снаряд» ұзақтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз әуе ұшу аппараттарын білдіреді.»; 3D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3D101 3A101.b. тармағында көрсетілген жабдықты «қолдану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».3D 8523 »;3E101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3Е101 3A001.a.1 немесе 2., 3A101, 3А102 немесе 3D101-тармақтарда көрсетілген жабдықты немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «қолдану» үшін жалпы технологиялық ескертулерге сәйкес «технологиялар».»;3Е102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«3Е102 3D001-тармаққа сәйкес бақылануға тиіс «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу» үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес «технологиялар». »;5-Санат «Телекоммуникациялар және «ақпаратты қорғау» деген кіші бөлімде: 5А101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«5А101 «Реактивті снарядтар» үшін әзірленген немесе модификацияланған жерүсті жабдығын қоса алғанда, телеметриялық және телебақылау жабдығы».Техникалық ескертпе: 5А101-тармақта «реактивтік снаряд» ұзақтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз әуе ұшу аппараттарын білдіреді.Ескертпе: 5A101-тармақ бойынша мыналар бақылауға жатпайды:a. басқарылатын ұшу аппараттары немесе спутниктерге арналған немесе модификацияланған жабдық;b. жерде және теңізде қолдануға арналған немесе модификацияланған жерүсті жабдығы;c. коммерциялық, азаматтық қолдану үшін әзірленген немесе ҒНЖЖ «қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған» жабдық (мысалы, деректердің толықтығы, ұшу қауіпсіздігі).5A101 8525 8543 70 900 0 9030 40 000 0 »;5D101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5D101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты «қолдану» үшін арнайы әзірленген модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;5Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«5Е101 5А101-тармақта көрсетілген жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «қолдану» үшін жалпы техникалық ескертпелерге сәйкес «технологиялар»;6-Санат «Бергiштер және лазерлер» деген кіші бөлімде:6А102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«6А102 6А002-тармақ бойынша бақыланатындардан ерекшелiгi бар, ядролық әсер етуден (яғни электромагниттiк импульстерден (ЭМИ), рентгендiк сәулелерден, жарылыс пен жылудың құрамалы әсерiнен) қорғану үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған, 5 х 10 5 рад (кремний) дейiнгi және одан артық радиациялық жүктеме (доза) деңгейi кезiндегi жұмысқа арналып жасалған немесе соған қабiлеттi «реактивті снаряд» пайдалануға жарамды радиациялық-төзiмдi детекторлар (кремнийлi).Техникалық ескертпе:6A102-тармақта «детектор» қоршаған орта қысымының немесе температура­сының өзгеруі, электрлік немесе электрмагниттік сигналдар немесе радиоактивті материал шығаратын сәулелер секілді ықпалдарды автоматты түрде сәйкестендіретін және жазатын немесе тіркейтін механикалық, электрлік, оптикалық немесе химиялық құрылғы ретінде белгіленеді. Мұнда әрекеті тек бір өлшеу өткізуге негізделген аспаптар кіреді.6А102 9030 10 000 0 (азаматтық авиациядан басқа)»;6А108-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«6А108 6А008-тармақ бойынша бақыланатыннан ерекшеленетін локациялық жүйелер және байқау жүйелері:а. 9А004-тармақта сипатталған тасымалдағыш зымырандарда немесе 9А104-тармақта сипатталған зымыран-зондтарда қолдану үшін әзірленген немесе модификацияланған РЛС және лазерлік локациялық жүйелер;Ескертпе: 6А108.а тармағы мынаны қамтиды:а. Контурлық картаға түсіруге арналған жабдық;b. Бейнелеу бергіштеріндегі жабдық;c. Жерді картаға түсіру және параллельдеу үшін (сандық және баламалы) жабдық;d. Доплерлік РЛС арналған жабдық.b. «Реактивті снарядтарда» қолданылуы мүмкін мыналар сияқты жоғары дәлдікті локациялық жүйелер:1. Нақты уақыт режимінде жағдайды және ұшу уақытында жылдамдықты анықтаудың мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жердегі немесе әуедегі деректерді навигациялық жүйелермен алынған деректерді бірлесіп пайдаланатын деректерді өңдейтін кіші жүйелері бар локациялық жүйелер;2. Мынадай барлық сипаттамалары бар оптикалық/инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін жабдықты қамтитын алыстан өлшейтін радарлық аппаратура:a. Бұрыштық шешімі 1,5 миллирадианнан (0,5 милс) жақсы;b. Қашықтығы 30 км және одан астам кеңістікті шешімі 10 м ОКА – дан жақсы;c. Жылдамдығы бойынша рұқсат 3 м/с-тен жақсы.Техникалық ескертпе:6А108.b тармағында «реактивті снаряд» қашықтығы 300 км асатын толық зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді. 6A108 a. 8526 10 000 96A108 b. 8526 10 000 9 »;6В108-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«6В108 «Реактивті снарядтарда» және олардың кіші жүйелерінде пайдалану үшін жарамды 6В008-тармақта сипатталғаннан ерекшелiгi бар, көлденең қиылысуды өлшеуге арналған импульстiк локациялық жүйелер.Техникалық ескертпе:6В108-тармақта «реактивті снаряд» қашықтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.6B108 8526 10 000 (азаматтық авиациядан басқа) »;6D103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «6D103 Ұшу аппаратының ұшудың барлық бағыты бойынша орнын айқындауға мүмкiндiк беретiн ұшудан кейiнгi мәлiметтердi өңдеу үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған «реактивті снарядтарға» арналған «бағдарламалық қамтамасыз ету».Техникалық ескертпе:6D103-тармақта «реактивті снаряд» қашықтығы 300 км асатын зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.6D 8523 »;6Е101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«6Е101 6А002, 6А007.b және с, 6А008, 6А102, 6А107, 6А108, 6B108, 6D102 немесе 6D103-тармақтарында көрсетілген жабдықты немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «қолдану» үшін жалпы технологиялық ескертпеге сәйкес «технологиялар».Ескертпе: 6Е101-тармақ бойынша егер ол әуе қолданысы үшін әзірленген және «реактивті снарядтар» үшін қолданыла алатын болса, 6А008-тармағы бойынша бақыланатын жабдық үшін қажетті «технологиялар» ғана бақыланады.»;7-Санат «Навигациялық жабдық және авиациялық электроника» деген кіші бөлікте:7A101-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«7А101 Барлық төменде келтірілген сипаттамалары бар және олардың құрамдауыштары үшін арнайы белгіленген «реактивті снарядтарда» пайдаланатын инерциялы навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілерді бағыттау жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген 7А001-тармағында жазылғаннан басқа желілік жеделдету датчиктері:а. «қайталанушылық» «ығысу» 1250 микро g аз (жақсы); жәнеb. «масштабты коэффициенттің» «қайталанушылығы» бір миллионға шаққанда 1250 үлестен аз (жақсы);Ескертпе: 7А101-тармақ төменгі ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдануға арналған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізетін датчиктер ретінде арнайы құрастырылған және құрылған акселерометрлерді бақыламайды.Техникалық ескертпелер. 1. 7А101-тармақта «реактивті снаряд» 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.2. 7А101-тармақта «ығысу» шамалары және «масштабты коэффицент» тіркелген калибрленген шамаға қатысты бір жыл ішіндегі уақыт аралығында стандарттық ауытқушылыққа бір сигма сәйкес келеді».7A101 a. 9014 80 000 07A101 b. 8803 90 900 0 9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 90 »;7А102-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «7А102 Гироскоптардың барлық түрлері, 7А002-тармақта қаралғаннан басқа «реактивті снарядтарда» пайдалануы мүмкін және 1 g ықпалы жағдайында өлшенген сағатына 0,5 – тен аз (1 сигма немесе ОКА) «дрейф жылдамдығы» «тұрақтылығы» бар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.Техникалық ескертпелер. 1. 7А102-тармақта «реактивті снаряд» 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.2. 7А102-тармақта «тұрақтылық» белгілі бір механизмнің қабілеттілік шарасы немесе тұрақты жұмыс жағдайларының (IEEE STD 528-2001, п. 2.247) ұзақ уақыт әсер етуі кезінде өзгеріссіз қалатын өнімділік коэффициенті ретінде белгіленеді. 7A102 9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа) 8803 90 900 0 9306 90 »;7А103-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«7А103 7А003-тармақта қаралатыннан басқа аппаратура, навигациялық жабдық және жүйелер, төменде келтірілген және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.а. Серпінді немесе мынадай жабдықтарды қамтитын акселерометлерді немесе гироскоптарды және жүйелерді пайдаланатын басқа да жабдық:1. 7A001.a.3., 7A001.b. немесе 7A101-тармақтарында сипатталған өлшегіштері немесе 7A002 немесе 7A102-тармақтарында сипатталған гироскоптар; немесе2. 7А001.а.1 немесе 7А001.а.2 тармақтарында сипатталған және мынадай төмендегі сипаттамалары бар акселерометрлер:а. «Инерциялылық навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілердің жүргізу жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген және «реактивті снарядтарда» пайдаланылатын»;b. «ығысудың» «қайталанушылығы» 1250 микро g кем (жақсы); жәнес. «масштабты коэффициенттің» «қайталанушылығы» миллионнан 1250 үлеске кем (жақсы);Ескертпе:7А103.а-тармағы бойынша осындай акселерометрлер ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдану үшін тағайындалған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізу үшін датчик ретінде арнайы әзірленген және құрастырылған болып қаралғанда 7А001-тармақ бойынша бақыланатын акселерометрлерді қамтитын жабдық бақыланбайды.b. «Реактивті снарядтарда» қолдану үшін әзірленген және модификацияланған гиротұрақтандыру қондырғысын немесе автопилот жүйесін қоса алғандағы пилотажды аспаптардың кешенді жүйесі;с. «Реактивті снарядтарда» қолдану үшін әзірленген немесе модификацияланған және тең ықтималдық шеңбердің 200 м немесе одан кем навигациялық дәлдігін қамтамасыз етуге қабілетті «навигацияның кешенді жүйесі»;Техникалық ескертпе:«Навигацияның кешенді жүйесі» әдетте мынадай құрамдауыштардан тұрады:1. Инерциялық өлшеу қондырғысы (мысалы, бағдардың тірек немесе бас жүйесі, инерциялық модуль немесе инерциялық навигациялық жүйе);2. Ұшу уақытында ереже және/немесе жылдамдық туралы деректерді, не кезең-кезеңімен, не ұшу уақытында үздіксіз (мысалы, спутниктік навигациялық қабылдағыш, радарлық биіктік өлшегіш және/немесе доплер радары) жаңарту үшін қолданылатын бірден бір сыртқы датчик; және3. Ықпалдасқан аппараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету.d. Ұшуды басқару және навигация жүйелерімен біріктіру үшін әзірленген және модификацияланған, мынадай сипаттамалары бар үш осьті магнитті курстық датчиктер және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар:1. Тангаждың (± 90 градус) және креннің (± 180 градус) осьтеріндегі ішкі иілу компенсациясы;2. Жергілікті магниттік өрісті ескере отырып ені ± 80 градус болғанда ОКА 0,5 градусынан жақсы (кем) азимут бойынша дәлдікті қамтамасыз ету қабілеті. Ескертпе: 7А103.d тармағында көрсетілген ұшуды басқару жүйелері және навигациялық жүйелерге гиротұрақтандырғыштар, автоматтандырылған пилотаж жүйелері мен инерциялық навигациялық жүйелер кіреді. Техникалық ескертпе: 7А103 тармағында «реактивті снаряд» зымыран жүйелерін және қашықтығы 300 шақырымнан асатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын білдіреді. 7A103 a. 9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа) 8803 90 900 0 9014 80 000 0 9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 907A103 b. 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)7A103 c. 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа) 9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа) 9306 90 »;7А104-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«7А104 Аспан денелерін немесе спутниктерді автоматты түрде бақылау арқылы орналасқан жерін немесе бағдарын айқындауды қамтамасыз ететін 7А004-тармақ бойынша бақыланатындардан басқа гироастрокомпастар мен басқа да қондырғылар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар. 7A104 9014 80 000 0 »;7А105-бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «7А105 Мынадай сипаттамалардың біріне ие және ол үшін арнайы әзірленген мынадай құрамдауыштар сияқты ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің қабылдау аппаратурасы (ҒНЖЖ, мысалы GPS, ГЛОНАСС немесе Галилео):а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарында, 9А012-тармақ бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда қолдану үшін әзірленген және модификацияланған; немесеb. Әуеде қолдану үшін әзірленген және модификацияланған мынадай сипаттамалардың кез келгені бар:1. 600 м/с жоғары жылдамдық кезінде навигациялық ақпаратты қабылдауды қамтамасыз ететін;2. ҒНЖЖ-мен қорғалған сигналдарға/деректерге рұқсат алу үшін, әскери және үкіметтік мақсат үшін әзірленген немесе модификацияланған шифрлауды қолданылатын; немесе3. Қоршаған ортада активті немесе пассивті радиоөшіргіштің қызмет етуіне кедергіге қарсы (мысалы, реттелмейтін антенна немесе электроникамен реттелетін антенна) ерекшеліктерді қолдану үшін арнайы әзірленген. Ескертпе: 7A105.b.2 және 7A105.b.3-тармақтары бойынша коммерциялық, азаматтық немесе «қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған» (мысалы, деректер тұтастығы, ұшу қауіпсіздігі) ҒНЖЖ үшін әзірленген жабдықтар бақыланбайды. 7A105 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа) 9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа) »; «9А004 тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшiн әзiрленген немесе модификацияланған, белгілі бiр электромагниттiк көздерді (орналасқан жерiн айқындайтын жабдық) немесе жердiң сипаттамасын торуылға алуға арналған пассивтiк бергіштер» деген 7А115-бөлік ескертпесінің а. абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«a. Контурлық картаға түсіру жабдығы;»;7А116-бөліктің «9А004-тармағы бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе 9А104-тармағы бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшiн арнайы әзiрленген немесе модификацияланған ұшуды басқару жүйелерi және сервоклапандар»: а, b, с абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «a. Ұшуды басқарудың гидравликалық, механикалық, электроптикалық немесе электрмеханикалық жүйелері (ұшуды басқарудың электрлі жүйесін қоса алғанда); b. Кеңістіктегі жағдайды басқару жүйесі; c. 7A116.a немесе 7A116.b көрсетілген жүйелер үшін әзірленген және модифика­цияланған және 20 Гц мен 2 кГц арасындағы диапазонда 10 g орта квадраттан артық діріл жағдайында жұмыс істеу үшін әзірленген және модификацияланған ұшуды басқару сервоқозғалтқыштың қақпақтары.»;7А117-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«7А117 «Реактивті снарядтарда» қолданылатын және жүйелердiң диапазонына қарағанда жүйе

Соңғы жаңалықтар