Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кандидаттарды ұсыну 9 шілде сағат 18:00-ге дейін жалғасса, оларды тіркеу 14 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталды және бірден үгіт-насихат жұмыстары басталды.
Заңға енгізілген өзгертулер мен түзетулер бойынша, үгіт-насихат 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, әкім сайлауына республика бойынша барлығы екі мыңнан астам үміткер тіркелген.